Жаңалықтар

Шерзат ісі: Шекеевтің көмекшісіне сот залында сотталушылардың бірі қолмен қорқытатын «ишара» көрсеткен

Талдықорғандағы Шерзат Полаттың сотында жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеевтің көмекшісіне сот залында сотталушылардың бірі қолмен қорқытатын «ишара» көрсеткен, деп хабарлайды buginmedia.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Сот залында айыпталушылардың бірі адвокат Шекеевтің көмекшісіне қоқан-лоққы жасаған ишара көрсетті. Бұл «ишара» нақты кім көрсеткені және оның қандай болғаны белгісіз, өйткені адвокат бұл туралы нақтыламады. Дегенмен, ол полицияға 102 хабарласып, ресми арыз жазғандарын айтты.

«Түскі үзіліс кезінде көмекшім келіп маған сотталушыларды бірі қолымен қоқан-лоққы көрсетті деді. Біз қазір сот залынан шығып бара жатқанда әлгі сотталушы сол іс-әрекетін менің көмекшеме тағы да қайталапты. Оны маған көмекшім айтты. Бізге ешкімнің қоқан-лоққы көрсетуге, не қастандық жасауға құқығы жоқ. Бұны біздің тарапқа жасалып жатқан қысымның бір түрі деп білеміз» ,- деді Шекеев.

Айта кетейік келесі сот отырыстары 21, 22, 23 мамыр күндері өтеді.