Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановқа қатысты сот үкімі шықты
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа үкім шығарды, деп хабарлайды Buginmedia.kz.
Сот үкімі бойынша Е. Қожағапановқа мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салынып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Антикордың ақпаратынша, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыру кезінде 1 млрд теңге жымқырды деп айыпталды.
Бұл істегі екінші фигурант, шараны ұйымдастырушы SUCCESS K агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзова алаяқтық жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды.