Мысыр әуежайында үстіне жарнама тақтасы құлаған қазақстандық көз жұмды
Шарм-эш-Шейх әуежайының ұшу аймағында рейс күтіп отырған жолаушылардың үстіне жарнамалық қалқан құлады, деп хабарлайды Buginmedia.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан бір отандасымыз қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Қайтыс болған кісінің туыстарымен байланыс орнатылып, елшілік тарапынан тиісті көмек берілді.
Ал зардап шеккен әйелдерге қажетті медициналық жәрдем көрсетілді. Қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Мысыр тарапы Қазақстан азаматының қаза болуына байланысты қайғыра көңіл айтты. Сол елдің Азаматтық авиация министрі жағдайды жеке бақылауына алып, дереу оқиға орнына арнайы комиссия жіберді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Елшілік бұл істі қатаң бақылауда ұстап отыр.