Жаңалықтар

БҚО-да ер адам қарындасын ұрған күйеу баласын бауыздап өлтірді

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Buginmedia.kz.

Ақсай қаласында ер адам қарындасын бұрын ұрып-соққаны үшін күйеу баласымен сөзге келіп, қасақана екі рет кеуде тұсының сол жағына және мойын тұсына пышақпен соққылар жасап өлтірген.

Мемлекеттік айыптаушы тағылған айыпты қолдап, сотталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленуші тарап сотталушыға ең қатал жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.

"ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігінің санкциясында 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Алқабилер алқасының үкімімен Г., өзіне тағылған айып бойынша аса ауыр қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот заң талаптарын негізге ала отырып, Х-ға ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді", - делінген облыстық сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енді