Жаңалықтар

Бүгін елімізде күн 42 градусқа дейін ысиды

Елдің оңтүстігінде ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі,  деп хабарлайды Buginmedia.kz.

Бейсенбі, 15 мамырда, Ираннан келетін жылы ауа массасының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек шығыс өңірлерде, солтүстік пен батыстың кей жерлерінде аздаған жауын жауады.

Солтүстікте ауа температурасы тәулік бойы +13…+30 °С болады.

Орталықта термометр бағандары +16…+37 °С-қа дейін көтеріледі.

Оңтүстікте температура +15…+42 °С шамасында сақталады.

Шығыста +14…+27 °С аралығында құбылады.

Батыста ауа температурасы +10…+25 °С деңгейінде болады