14 мамырда елімізде аптап ыстық болады
«Қазгидромет» РМК 14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады,деп хабарлайды Buginmedia.kz.
Астанада құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні: 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 14-16, күндіз 31-33 градус жылы.
Көкшетауда құбылмалы, бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы: түнде 12-14, күндіз 22-24 градус жылы.
Алматыда құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 30-32 градус жылы болады.
Қонаевта құбылмалы, бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 31-33 градус жылы болады.
Талдықорғанда құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 32-34 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 35-37 градус жылы болады.
Түркістанда ауа райы жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соққан жел екпіні 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы: түнде 20-22, күндіз 36-38 градус жылы.
Оралда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 20-22 градус жылы болады.
Атырауда құбылмалы, бұлтты болып, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 26-28 градус жылы болады.
Ақтауда құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 19-21 градус жылы болады.
Ақтөбеде құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы: түнде 15-17, күндіз 30-32 градус жылы.
Қостанайда күн бұлтты, құрғақ. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 21-23 градус жылы болады.
Петропавлда күн бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 15-17 градус жылы болады.
Павлодарда күндіз құбылмалы, бұлтты болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 22-24 градус жылы.
Қарағандыда құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желекпіні 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы: түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы.
Жезқазғанда күн ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз өте ыстық, 33-35 градус болады.
Өскеменде құбылмалы, бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Семейде құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні: 5-10 м/с. Ауа температурасы: түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы болады.
Қызылордада ауа райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз өте ыстық – 40-42 градус.
Таразда құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 35-37 градус жылы болады.