Жаңалықтар

Оралда жас жігіт 21 күннен бері табылмай жатыр

Орал қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен 22 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінше, Алмас Мұқанов 30 қыркүйек күні Қ.Аманжолов көшесіндегі үйінен шығып кеткеннен оралмаған.
Полицияға жігіттің апасы 14 қазан күні жүгінген.

"Қазіргі кезде А.Мұқановты іздестіруге бүкіл жеке құрамға бағыт берілді. Оның мекенжайын анықтау мақсатында жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Жоғалған адам туралы ақпарат білгендер 102 телефонына хабарласуы сұралады. Белгілері: азиат пішіндес, бойы 170-175 см, толық денелі, шашы қара, қысқа, құлағы қалқиған, мұрны үлкен, көзі қысыңқы келген. Қара түсті жеңіл киім, көк джинсы, қара кроссовка, сұр баскиім киген",  - деп хабарлады ведомство.