Жамбыл облысының Меркі ауданында екі рет 5 балдық жер сілкінісі болды
Бүгін, 28 наурыз күні түнде Жамбыл облысының бірқатар аудандарында жер сілкінді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, жер Астана уақытымен түнге сағат 03:42-де сілкінген.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай Қазақстан аумағынан 323 шақырым жерде орналасқан. Жамбыл облысы Меркі ауданында 5 балл, Құлан ауданында 4 балл, Шу, Төле би, Сарыкемер, Тараз, Қордай, Аса және Мойынқұм аудандарында 2 балл», - деп хабарлайды ТЖМ.
Түстен кейін Жамбыл облысында 5 балдық жер сілкінісі қайталанды.