Шоу-Бизнес

«Бөлмемдегі қыздарға жігіттер келді»: әнші Жазира Жанболатпен қалай танысқанын айтты

Әнші Жазира Байырбекова күйеуі Жанболат Ербатыровпен қалай танысқаны туралы айтып берді,деп хабарлайды buginmedia.kz

Айтуынша, Жазира Жанболатпен танысқанда 1-курста оқитын, 17 жастағы бойжеткен болған.

«17 жасар кішкентай қыз едім. 1-курс оқимын. Жатаханада менен 2-3 жас үлкен қыздармен бірге тұрдым. Бөлмемдегі қыздарға қонаққа жігіттер келді. Көрші бөлмеде тұратын Жанболат есікті қағып «бері келші» деп коридорға шақырып, «Сен кішкентайсың,саған үлкен жігіттер бар жерде отыруға болмайды. Одан да далаға шығып таза ауа жұт, жүр бірге шығып келейік» деді. Содан бері «саған анау болмайды, мынау болмайды» деп жанымда жүр», - деп жазды өнер иесі.

View this post on Instagram

A post shared by Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)