Әлеумет

Белгілі этнограф Болат Бопайұлы өмірден өтті

Этнограф, жазушы Болат Бопайұлы өмірден өтті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұл туралы журналист Біләл Қуаныш әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Қазақ Болат Бопайынан айырылды… Қайран ағам-ай!", - деп жазды ол.

Болат Бопайұлы 1960 жылы ҚХР Шынжаң өлкесі, Алтай аймағында дүниеге келген. 

1978 -1981 жылдары Шынжаң "Дене тəрбие саңлағы" журналында жауапты редактор болып қызмет атқарды.

Әр жылдары Қазақ радиосында, Қазақстан телеарнасында редактор, сценарист қызметін атқарған. Қазақ этнографиясы тақырыбында 30-дан астам кітап жазған. 

Болат Бопайұлы елге оралған 30 жылда мектеп, колледж, университеттерде қазақ салт-дəстүрі тақырыбында лекция өткізген. Қазақстанда шығатын газет-журналдарда, барлық сайтта этнография тақырыбында жазған мыңға жуық ғылыми мақаласы жарық көрген.

ҚР «Мəдениет үздігі» төс белгісінің иегері, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы.