Әлеумет

«Бір жынысты екі адамның жақындасуы – харам»: ҚМДБ ЛГБТ-ға қатысты пәтуа шығарды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) «ЛГБТ+» өкілдеріне үндеу жасап, ресми пәтуа шығарды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

 

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының(ҚМДБ) негізгі қызметі – Ислам діні мен ұлттық құндылықтарды насихаттау, халықты рухани тұрғыдан дамыту. 

Осыған орай, біздің ұлттық рухани құндылықтарымызға жат «ЛГБТ+» ұстанушылардың үндеулері мен іс-қимылдарына ҚМДБ өз қарсылығын білдіреді және қоғамды мұндай арсыздықтан сақтануға шақырады!

Шариғатымызда еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа баруы - харам. Бұл азғындықтың ең ауыр түрі, лағынеттелген ібіліс шайтанның ісі. Олардың ақыреттегі жазасы өте ауыр», – делінген ресми хабарламада.

Сонымен ҚМДБ шығарған үкім:

ЛГБТ іс-әрекеттерінің шариғаттағы үкімі - харам. Бұл адам баласының жаратылысына қайшы келетін арсыздық.

Кімде-кім өз жаратылысына қарсы шығып, жынысын ауыстырса, оның ашық адасқаны әрі ондай адам Алланың қарғысына ұшырайды. Мұндай адам шынайы тәубе етіп, емделуі қажет.

Егер тәубе етіп, арсыз әрекетінен бас тартпаса, оның жаназасы оқылмайды және ақыреттегі жазасы өте ауыр болады.