Саясат

Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды, Сәтқалиев төрағасы болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттік құру туралы жарлыққа қол қойды,деп хабарлайды buginmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.



"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі құрылды", – делінген ақпаратта. 

Мемлекет басшысының жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрын атқарған энергетика министрі лауазымынан босатылды.