Спорт

Жат діни ағымдардың спорт саласында ықпалы күшейіп бара жатыр- Тоқаев

The final spritzer

Бурабайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда спорт саласындағы діни радикалдар туралы сөз болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи еліміздегі діни ахуалға алаңдаушылық білдіріп жүр. Құрылтай мүшелері Дания Қыдырбаева және Олжас Сүлеймен жат діни ағымдардың жастар арасында, әсіресе спорт саласында ықпалы күшейіп бара жатқанын айтты. Теріс ағымдарға, қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажет екеніне еш күмән жоқ», - деді Тоқаев.

Президент елімізде дін бостандығына кепілдік берілгенін еске салды.

«Бірақ жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмайды. Діннің аса маңызды миссиясы – ұлтты ұйыстыру. Діни ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттар осы талапқа сай болуға тиіс. Бұл мәселені жан-жақты қарау керек. Соның ішінде заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеп отыру өте маңызды», - деп санайды ол.