Шоу-Бизнес

Денсаулығына байланысты концерттерін тоқтатқан Төреғали Төреәлі халыққа үндеу жасады

Денсаулығына байланысты концерттерін уақытша тоқтатқан әнші Төреғали Төреәлі халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жуырда әнші әлеуметтік желі арқылы халыққа үндеу жасап, видео жариялады. Ол өз жазбасында ораза ұстап жүрген жандарға сәлем жолдап, барша мұсылман қауымына дұға тіледі.

«Ассаламағалейкум, ардақты ағайын, құрметті достар! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Алладан екі дүниенің бақытын тілейміз. Бақытты болыңыздар!» – деді Төреғали Төреәлі видеода.

Әншінің бұл видеосы көпшіліктің ықыласына бөленіп, жанкүйерлері оған жылы лебіздерін білдірді. Олар Төреғалидің саулығын тілеп, тезірек сахнаға оралуын күтіп жүргендерін жазды.