Жаңалықтар

Маңғыстау облысында 15 жастағы қыз бес күннен бері табылмай жатыр

Ақтау қаласының маңындағы елді мекендердің бірінде тұратын 15 жастағы қыз 5 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Колледжге бару үшін үйінен шығып кеткен қыз сол күйі қайта оралмаған.

Қазір іздестіру жұмыстарын LIDER.KZ еріктілер қозғалысы қолға алған.

Еріктілердің айтуынша, 15 жастағы Нұрсая Құралбаева Мұнайлы ауданындағы Бірлік көшесіндегі жеке үйде тұрады.

Сейсенбі, 15 қазан күні сағат 08:00 шамасында ол Ақтау қаласындағы политехникалық колледжге үйінен шығып кеткен. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз.

Еріктілер полицейлермен бірге іздестіру жұмыстарына қатысып, із-түзсіз жоғалған қыздың отбасына көмек қолын созып жатыр.

Туыстары қыздың орта денелі, шашы ашық-қара ұзын, бойы шамамен 165-170 сантиметрдей болғанын хабарлады. Ал үстінде қара ветровка, қара шалбар, аяғында ақ жолақты қара кроссовка болған.