Жаңалықтар

Қар, жел, үсік: 21 қазанға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 21 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды, түнде елдің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстік облыстарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. ҚР бойынша түнде және таңертең тұман, оңтүстікте, шығыста, орталықта жел күшеюі күтіледі.

Түнде батыста, Жетісу облысының орталығында 3 градус үсік сақталады.