Қырғызстанда қар көшкінінің астынан алты адамның денесі табылды
9 қазанда Джалал-Абад облысындағы Чаткалда 14 адам тауға шөп теруге аттанған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қырғызстанда бірнеше күн бойы 9 қазанда жоғалған тұрғындарды іздеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта олардың денесі табылды.
9 қазанда Джалал-Абад облысындағы Чаткалда 14 адам тауға шөп теруге аттанған. Кейінірек олардың сегізі табылып, алтауын іздестіру жұмыстары жалғасты.
ТЖМ мәліметінше, 18 қазанда іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде көшкін болған жерде бір адамның денесі табылған. Кейінірек ТЖМ іздеуге қосымша күштер тартылатынын айтты. Сондай-ақ қар көшкінінің қайталану қаупі жоғары екендігі туралы хабарланды, ал бұл құтқару жұмыстарын жүргізуді қиындатты.
Кейінірек жоғалған алты адамнан тағы екі адамның денесі табылғаны белгілі болды. Олардың денесі тікұшақпен штабқа жеткізілді.
24 kg сайтының хабарлауынша, бір күн бұрын құтқарушылар қар көшкінінің астында қалған екі ауыл тұрғынының денесін тапқан. Осылайша, жоғалған алты тұрғынның барлығының денесі табылған.