24 ақпанға доллар, еуро және рубль бағамы жарияланды
24 ақпанға валюта бағамы жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Ұлттық банктің 24 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 502,47 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,68 теңге. Еуро — 525,83.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 507 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 504 теңге. Еуро 526— 532 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 509,5 теңге, сатып алу құны — 500 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,52 - 5,71 аралығында саудаланып жатыр.
https://kaz.inform.kz/news/dollar-euro-men-rubldn-bugng-bagami-kanday-493624/