Доллар, еуро және рубльдің 23 ақпанға бағамы
23 ақпанға валюта бағамы жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Ұлттық банктің 23 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 502,47 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,68 теңге. Еуро — 525,83.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 507,4 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 504,2 теңге. Еуро 527— 532 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 509,5 теңге, сатып алу құны — 503 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,56 - 5,71 аралығында саудаланып жатыр.