Мүгедек балаларды шақырып, жылаған: Перизат Қайраттың тағы бір қылмысы әшкере болды
Перизат Қайратқа қатысты мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау алаяқтығы бойынша сотқа дейінгі жаңадан тергеу тіркелді, деп хабарлайды buginmedia.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
П.Қайрат 2021 жылдың қараша айында Ақмола облысында «Батыр» қоғамдық бірлестігіне оңалту орталығын салу үшін ақша жинау мақсатында қайырымдылық аукционын ұйымдастырған. Жұрттың сенімін арттыру үшін оңалту орталығына мұқтаж мүгедек-балалар мен олардың ата-аналарын іс-шараға тартқан.
П.Қайрат тарапынан таратылған жалған деректер бойынша 48 миллион теңге жиналып, құны 100 миллион теңге ғимарат сыйға тартылған. Алайда, аукцион кезінде шын мәнінде 22 миллион теңге түскен, осы ақшаны ол өзінің жеке қажетіне жаратқан. Сонымен қатар, ол «Батыр» қоғамдық бірлестігі үшін құны 30 млн теңге жер телімін сатып алғанын мәлімдеген, алайда бұл участокты 2019 жылы бірлестік өзі сатып алған.
Оңалту орталығының құрылысы әлі басталмаған қалпында тұр. Орталықтың қажеттілігіне берілді деген ғимарат мүлдем жоқ болып шықты.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.
"Егер сіз Кайрат Перизаттың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болсаңыз, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне мына мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 немесе +7 (7172) 70-84-78, 70-84-79 (қосымша: 21384) телефон нөмірлері арқылы", - делінген ақпаратта.