Қосымша құн салығын көтеруді көздейтін құжат Мәжіліске келіп түсті
Үкімет Мәжіліске Салық кодексінің жобасына түзетулер пакетін енгізді. Құжатта қосымша құн салығын 16 пайызға көтеру туралы норма бар,деп хабарлайды buginmedia.kz.
«2025 жылғы 20 ақпанда Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске салық кодексінің жобасына түзетулер пакетін енгізді. Өзгерістер салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған», - делінген ҰЭМ хабарламасында.
Басты өзгерістер мыналар:
қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету – 20 000 АЕК-тен (78,6 млн теңге) 3 800 АЕК (15 млн теңге) дейін;
қосылған құн салығы мөлшерлемесін арттыру – 12%-дан 16%-ға дейін, бұған қоса бірқатар сала үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% белгіленеді;
жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу – тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қолжетімді болады.