Тоқаевтың жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
Бүгін Абай облысының әкімі болып тағайындалған Берік Уәлидің орнына президенттің баспасөз хатшысы лауазымына Руслан Желдібай тағайындалды, – деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, Руслан Желдібай бұған дейін президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымын атқарған.