Доллар, еуро және рубльдің 17 ақпанға бағамы жарияланды
17 ақпанға валюта бағамы жарияланды, – деп хабарлайды buginmedia.kz.
Ұлттық банктің 17 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 495,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,44 теңге. Еуро — 518,41.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 505 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 500 теңге. Еуро 522— 527 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 505 теңге, сатып алу құны — 499 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 518 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,32 - 5,44 аралығында саудаланып жатыр.
https://kaz.inform.kz/news/aksha-ayirbastau-orindarinda-dollar-kansha-tengeden-saudalanip-zhatir-bf20e9/