Ұлының атын Абай қойғандарға 180 мың теңгеден беріледі
Осыған орай «Асылтас» қоғамдық қоры 2025 жылды Абай жылы деп жариялап, ерекше бастама көтерді, деп хабарлайды buginmedia.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Қор 2025 жылдың 10 тамызында дүниеге келіп, Абай есімі берілген әрбір сәбиге 180 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыстайды.
Ата-аналар 2025 жылдың 10 тамызында дүниеге келген және ресми түрде Абай есімі берілген балалары үшін «АСЫЛТАС» қоғамдық қорына өтінім бере алады. Қатысу шарттары мен өтінім беру формасы алдағы уақытта жарияланады.