Жаңбыр, жел, үсік: 20 қазанға ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 20 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Антициклон сілемі Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз жылы ауа-райын шарттайды. Елдің батыс аймақтарында ауа-райын оңтүстік циклон шұңқыры қалыптастырады - жаңбыр жауады.
Республика бойынша түнде және таңертең тұман, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшеюі деп күтіледі.
Түнде Жетісу облысының орталығында 3 градус үсік сақталады.