Шоу-Бизнес

«Тамағыма ащы өксік тығылады»: әнші Қарақат Әбілдина қазіргі жағдайы туралы айтты

Әнші Қарақат Әбілдина Instagram парақшасында баласының ана туралы ән орындап тұрғаны туралы жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Әншінің айтуынша баласының әнінен кейін өзінің анасы есіне түсіп отыр.

«Ана туралы ән айтылғанда тамағыма ащы өксік тығылады. Сіздерде де солай ма?

Ана мен бала арасындағы тылсым байланыстың құдіреті қандай күшті еді…

Балам сахнада қолында бір шоқ гүлі бар «анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деп анасына ән арнап тұр. Анасы болса «сағыныш қалдырып кеттің жүрегімде таусылмайтын» деп өз анасын ойлап көңілі босап отыр.

Ех, бір кем дүние-ай. Аналарыңыз аман болсыншы», - деп жазды Қарақат Әбілдина.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)