Жаңалықтар

Тамара Дүйсенованың орнына Ермек Көшербаев тағайындалды

ШҚО-ның бұрынғы әкімі Ермек Көшербаев үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалды, –  деп хабарлайды buginmedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін үкімет басшысының орынбасары қызметін атқарған Тамара Дүйсенованың президент көмекшісі болып тағайындалғаны хабарланған.