ҰҚК төрағасының орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды, деп хабарлады buginmedia.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды",-делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейні ҚР Ішкі істер министрлігі басшысының бұйрығымен бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды.