11 ақпанға ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 11 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Фронтальді бөлімдердің әсерінен еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), солтүстігінде аздаған қар жауып, түнде Түркістан облысының тауларында қатты қар күтіледі. Жоғары қысым аймағының ықпалынан Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
Республика бойынша тұман, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында – желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында – жаяу бұрқасын, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында – көктайғақ күтіледі.