Аймақ

Астанада қыз 16 қабаттан құлап көз жұмды

Астанада 9 ақпанда қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Куәгерлер оқиға Кенесары және Уәлиханов көшелерінің қиылысында болғанын айтады. 

"16 жастағы қыз 16-қабаттан құлаған", - дейді оқиғаны көзімен көргендер.

Астана қаласы полиция департаменті Tengrinews.kz-ке бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады ведомство.