Жаңалықтар

8 ақпанға ауа райы болжамы

Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 8 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, –  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Солтүстік антициклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа-райын анықтайды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында фронтальды бөлімдердің өтуімен аздаған қар жауады.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстік-батыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстікте - көктайғақ күтіледі.