Шоу-Бизнес

"Жақсы адамнан айырылып қалдық": Баян Алагөзова күйеу баласы қайтыс болғанын айтты

Продюсер Баян Мақсатқызының күйеу баласы Әділжан Юсупов өмірден өтті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Продюсер желіде оның жақсы адам, адал жар болғанын айтады.

"Бүгін біз Адиктен (Әділжан — ред.) айырылып қалдық. Сен сондай жақсы адам, жақсы әке, жақсы жар, жақсы дос бола білдің. Біз сені жақсы көреміз және кеудеміздегі жүрегіміз соғып тұрғанда сені ешқашан ұмытпаймыз. Иманды бол!", - деп жазды стористе. 

Айта кетейік, Әділжан Юсупов – әнші, музыкалық продюсер Бағым Мұхитденованың жары. 

Әділжан Юсупов - отандық музыка индустриясында өз орнын қалдырған продюсер. Ол Қазақстан шоу-бизнесіндегі түрлі өнер қайраткерлерімен бірге жұмыс істеген.