Қазақстан шекарасына жақын маңда жер сілкінісі болды
Қазақстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
19 қазанда сағат 01:32-де жер сілкінісі тіркелді.
"Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 669 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан аумағында жерасты дүмпуі сезілмеді.