Әлеумет

Қазақ қызы IELTS емтиханынан әлем рекордын орнатты

17 жастағы Сая Қыдырәлі ағылшын тілі бойынша халықаралық IELTS емтиханынан ең жоғары 9.0 ұпай жинап, әлемдік рекорд жаңартты, деп хабарлайды buginmedia.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Сая Қыдырәлі ағылшын тілі бойынша халықаралық IELTS емтиханынан ең жоғары 9.0 ұпай жинап, әлемдік рекорд жаңартты. Ресми статистикаға сәйкес, бұл нәтижеге тапсырушылардың небәрі 0,5%-ы ғана қол жеткізе алады. Сая тестілеуге 11 жасынан бастап дайындалып, өз көрсеткішін 6.5-тен 9.0-ге дейін жақсартқан.

Сая Қыдырәлі - ел тарихында алғаш рет осындай жоғары нәтижеге қол жеткізген азамат болып отыр.

САЯ ЖАЙЛЫ

Сая алты жасынан бастап ағылшын тілін үйрене бастаған. 9 жасында алғаш рет Қазақстандағы “Кидс клаб” үйірмесін ашқан. 11 жасында IELTS-тен 8,5 бал алған. 14 жасына дейін Алматыда ағылшын тіліндегі екі мектепті ашып үлгерген. Australia IDP халықаралық ұйымының ресми серіктесі. 17 жасында анасына Алматыдан пәтер алып берген.