Жаңалықтар

3 ақпанға ауа райы болжамы

Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 03 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Фронтальді бөлімдердің өтуімен түнде солтүстікте, елдің орталығында аздаған қар, шығысында қар, батысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Республиканың оңтүстігінде ғана антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР бойынша тұман, елдің солтүстігінде, батысында көктайғақ, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында – жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығысында, орталығында  күшейюі  күтіледі.