Экономика

2 ақпандағы доллар, еуро және рубль бағамы

2 ақпанға валюта бағамы жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ұлттық банктің 2 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,27 теңге. Еуро — 537,57.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521,2 теңге. Еуро 537,5 — 541,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516,8 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 537,5 теңгеден сатылып, 543 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,18 — 5,29 аралығында саудаланып жатыр.

 https://kaz.inform.kz/news/aksha-ayirbastau-orindarinda-dollar-kansha-tengeden-saudalanip-zhatir-23ee8f/