Жаңалықтар

2 ақпанда елімізде бұрқасын соғып, жел күшейеді – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 2-сі күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атмосфералық ағындардың өтуіне орай елдің көп бөлігінде түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республиканың оңтүстігінде ғана антициклон сілемінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Қазақсан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, жел күшейеді.