«Жалғыз ұлыңның өлімін көресің». Дана Нұржігіт қазақстандықтардан көмек сұрады
Белгілі диктор Дана Нұржігіт қазақстандықтардан көмек сұрады, деп хабарлады buginmedia.kz
Ол жақында Динара Сәтжанға сұхбат бергеннен кейін әлдекімдер ұлын өлтіретіндерімен қорқытқанын айтады.
Дана Нұржігіттің айтуынша, белгісіз біреулер сұхбаттың пікір жасатын алаңына «жалғыз ұлыңның өлімін көресің» деген жазба қалдырған.
«Қымбатты отандастар! Динара Сәтжанға берген сұхбаттан кейін жаңа ғана сол видеоның астына мынандай комментарий қалдырып кетіпті біреу. Менің ұлым мен маған қоқан-лоққы көрсетіпті. Мен жалғызбасты анамын. Балам кәмелет жасқа толмаған. Білесіздер. Бәрін көріп біліп отырыңыздар! Кибер-сталкинг деген осы,міне! Мен көмек сұраймын!», — деп жазды журналист.