30 қаңтарға ауа райы болжамы
Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 30 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Циклон жырасының және атмосфералық фронт ықпалынан еліміздің басым бөлігінде қар, оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңьыр, қар), күндіз шығысында қатты қар, оңтүстік-шығысында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Тек республикамыздың батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. ҚР бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.