Қоспаев бандасынан 5 базар, 78 үй, 80 көлік тәркіленіп, 11 адам сотталды
Банда құрып, Алматыда ұзақ жылдар кәсіпкерлерге зәбір көрсетіп келген Қоспаевтарға сот үкімі шығып, миллиардтаған теңге тәркіленді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 11 тұлғаға қатысты үкім шығарды:
ұйымдасқан топ құру және басшылық ету (ҚК 262-бабының 1-бөлігі);
ұйымдасқан топқа қатысу (ҚК 262-бабының 2-бөлігі);
бірнеше рет қылмыстық топ жасаған рейдерлік (ҚК 249-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы);
қылмыстық топтың ірі мөлшерде заңсыз жолмен алынған ақшаны заңдастыру (жылыстату) (ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 2,3) тармақтары);
қылмыстық топпен жасаған аса iрi мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу жолымен жымқыру (ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтары);
қылмыстық топ жасаған, жымқыру белгiлерiнсіз мүліктік ірі залал келтіру (ҚК 195-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтары);
қылмыстық топ жасаған аса ірі көлемдегі алаяқтық (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтары);
қылмыстық топ жасаған, аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан заңсыз кәсiпкерлiк (ҚК 214-бабы 2-бөлігінің 1, 2) тармақтары);
есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау (ҚК 233-бабының 2-бөлігі);
қылмыстық топ жасаған аса ірі мөлшердегі қорқытып алушылық (ҚК 194-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтары);
қылмыстық топтың рейдерлік жасауға дайындалуы (ҚК 24-бабының 1-бөлігі – 249-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы);
қылмыстық топтың шекараны заңсыз кесіп өтуі (ҚК 392-бабының 2-бөлігі);
зорлау (ҚК-нің 120-бабының 1-бөлігі);
жалған құжатты пайдалану (ҚК 385-бабының 3-бөлігі);
ресми құжатты қолдан жасау (ҚК 385-бабының 2-бөлігі);
салық төлеуден жалтару (ҚК 245-бабының 3-бөлігі) бойынша үкім шығарды.
Астана қалалық сотының мәліметінше, бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасау мақсатында, К.Е., 2016 жылы құрамында: К.А., К.А. (оған қатысты іс жеке өндіріске бөлінген), А.Д., Т., Б.Р., Ш., И., К.О., Б.В., К.А. және А.К.-мен ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған басшылық еткен.
«2016 жылдың қазан айынан 2021 жылға дейінгі аралықта ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері мүліктік пайда алу мақсатында 5 ЖШС-ны рейдерлік жолмен басып алған және 1 ЖШС-ға рейдерлік жасауға дайындалған.
Сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 2018-2022 жылдар аралығында ЖШС-ның 4,6 млрдтеңгеге сомасындағы мүлкін жымқырған.
Нәтижесінде «Esentai City» тұрғын үй кешеніндегі 133 тұрғын және тұрғын емес үй-жай арзандатылған бағамен өзіне, туыстарына және олармен үлестес тұлғаларға сатылған.
Осымен тоқтамай, ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі К.Е. мен оның мүшелері ҚР аумағында контрафактілік тіркеу-бақылау маркалары бар алкогольдік өнімдерді заңсыз сатуды ұйымдастырған.
Ол үшін олар өз қарамағындағы кәсіпорындарды пайдаланып, жалпы сомасы 7 млрд теңгеден астам пайда алған.
Заңдастырылған қаражатты пайдалана отырып, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қымбат жылжымайтын мүліктер мен автокөліктер сатып алып, мүлікті жалға беріп, заңсыз жолмен тапқан қаражатты депозиттеріне салып, бейберекет өмір салтын жүргізген», - делінген сот хабарламасында.
Дәл осы уақыт ішінде К.Е., Ш., И. және К.А. қауіп төндіру арқылы жәбірленушілер К. және К.-ға тиесілі автокөлік және сауда базары түріндегі мүлікті қорқытып алған.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Ш., өзінің жазасыз қалатынын және барлығына рұқсат берілгенін сезініп, И.-ды зорлаған.
«Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында К.А., Ш., И., жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарының ауырлығын түсіне тұра, құқық қорғау органдарынан жасырыну мақсатында ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткен.
Барлық 11 сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлердің, сотталушының айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, мамандар мен сарапшылардың қорытындыларымен, заттай айғақтар алынған тінту нәтижелерімен және қылмыстық істің басқа да материалдармен дәлелденді.
Прокурор айыптауды қолдап, соттан барлық сотталушыларды бас бостандығынан айыруды сұрады», - деп хабарлайды Астана соты.
Қорғаушы тарап сотталушылардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады.
Санкция:
ҚК баптарының санкциясы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады:
ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігі – 7-ден 12 жылға дейін, ал 2-бөлігі 5-тен 10 жылға дейін;
ҚК-нің 249-бабының 3-бөлігі – 8-ден 12 жылға дейін;
ҚК-нің 218-бабының 3-бөлігі – 5-тен 10 жылға дейін;
ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі – 7-ден 12 жылға дейін;
ҚК-нің 195-бабының 4-бөлігі – 5 жылға дейін;
ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі – 5-тен 10 жылға дейін;
ҚК-нің 214-бабының 2-бөлігі – 5 жылға дейін;
ҚК-нің 233-бабының 2-бөлігі – 2 жылға дейін;
ҚК-нің 194-бабының 4-бөлігі – 7-ден 15 жылға дейін;
ҚК-нің 392-бабының 2-бөлігі – 5 жылға дейін;
ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігі – 40 тәулікке дейін қамаққа алу.
Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу түріндегі қосымша жаза қарастырылған.
Сот 9 сотталушының жас балаларының болуын сотталушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.
Сотталушылар К.Е., К.А., Ш., К.О., И.-ның қылмыстық топ құрамында белгілі бір қылмыстарды жасауы қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар ретінде танылды.
Сот үкімімен келесілер кінәлі деп танылып:
Е.К. ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігі, 249-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 2, 3) тармақтары, 189-бабы 4-бөлігінің 1, 2) тармақтары, 195-бабы 4-бөлігінің 1, 2) тармақтары, 190-бабы 4-бөлігінің 1, 2) тармақтары, 214-бабы 2-бөлігінің 1, 2) тармақтары, 233-бабының 2-бөлігі, 194-бабы 4-бөлігінің 1, 2) тармақтары, 24-бабының 1-бөлігі – 249-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы бойынша түпкілікті – 15 жылға бас бостандығынан айыру;
К.А. ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 249-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 2, 3) тармақтары, 189-бабы 4-бөлігінің 1, 2) тармақтары, 214-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы, 233-бабының 2-бөлігі, 392-бабының 2-бөлігі бойынша түпкілікті – 12 жылға бас бостандығынан айыру;
Ш. ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 249-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 2,3) тармақтары, 189-бабы 4-бөлігінің 1, 2) тармақтары, 214-бабы 2-бөлігі 1) тармағы, 233-бабының 2-бөлігі, 194-бабы 4-бөлігінің 1, 2) тармақтары, 24-бабының 1-бөлігі – 249-бабының 3-бөлігінің 1) тармағы, 392-бабының 2-бөлігі бойынша, түпкілікті – 12 жылға бас бостандығынан айыру;
И. ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 249-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы, 195-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтары, 385-бабының 2-бөлігі, 190-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтары, 214-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы, 233-бабының 2-бөлігі, 194-бабы 4-бөлігінің 1, 2) тармақтары, 24-бабының 1-бөлігі–249-бабының 3-бөлігінің 1) тармағы, ҚК-нің 392-бабы 2-бөлігі бойынша , түпкілікті – 12 жылға бас бостандығынан айыру;
А.Д. ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 249-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 2,3) тармақтары, 189-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтары бойынша, түпкілікті – 12 жылға бас бостандығынан айыру;
А.К. ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 249-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы, 195-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтары, 385-бабының 2-бөлігі, 190-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтары, 214-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша, түпкілікті – 12 жылға бас бостандығынан айыру;
Б.Р. ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 249-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 2, 3) тармақтары, 189-бабы 4-бөлігінің 1,2)тармақтары бойынша, түпкілікті - 12 жылға бас бостандығынан айыру;
К.О. ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 249-бабы 3-бөлігінің 1)тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 2, 3) тармақтары, 189-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтары, 214-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы, 233-бабының 2-бөлігі бойынша, түпкілікті - 10 жылға бас бостандығынан айыру;
К.А. ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 218-бабы 3-бөлігінің 2,3) тармақтары, 189-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтары, 24-бабының 1-бөлігі–249-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы бойынша, түпкілікті - 12 жылға бас бостандығынан айыру;
Т. ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 249-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 2,3) тармақтары, 189-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтары бойынша, түпкілікті – 12 жылға бас бостандығынан айыру;
Б.В. ҚК-нің 245-бабының 3-бөлігі, 218-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы бойынша, түпкілікті – 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ, сотталғандар Ш. – ҚК 120-бабының 1-бөлігі, И. – ҚК 385-бабының 3-бөлігі, А.К. – ҚК 385-бабының 3-бөлігі, 233-бабының 2-бөлігі, Б.В. – ҚК 214-бабының 1-бөлігі, 233-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімдерінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Одан бөлек, сот сотталушыларға қылмыстық жолмен табылған мүлкін тәркілеу, коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару және алкоголь өнімдерін сату саласындағы қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаларды тағайындады.
«Сот сотталғандардың 78 пәтерін, 6 жер учаскесін, 1 қоймасын, 10 коммерциялық үй-жайын, жалпы ауданы 2 482 ш.м. құрайтын 2 көппәтерлі үйін, 5 гаражын, 3 тұрғын-жай емес ғимаратын, жер телімін қоса алғанда 5 сауда нысанын, 80 автокөлігін, 2 дана қаруын, сонымен қатар ақша қаражаттары мен бағалы заттарын мемлекет кірісіне тәркіледі.
Сот жәбірленушілердің пайдасына жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жуық материалдық шығын мен моральдық зиянды өндірді.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.