Қар, тұман, аяз: 19 қазанға ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 19 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қазақстан аумақтарының басым бөлігінде антициклон сілемінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың батысында, оңтүстік-батысында, шығысында жауын-шашын, батысында жаңбыр түрінде, елдің шығысында аралас жауын-шашын түрінде (жаңбыр, қар), ҚР батысында қатты жаңбыр, оңтүстік-батысында найзағай болады.
Түнде және таңертең елде тұман, батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді деп күтілуде.
Түнде Алматы облысында және Жетісу облысында 1-7 градус аяз сақталады.