Жаңалықтар

26 қаңтарға ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 26 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Скандинавия аудандарынан енген антициклон, әліде Қазақстан аумақтары арқылы өтуіне байланысты, көбінесе жауын-ашынсыз ауа-райын қалыптастырады.

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде тұман, еліміздің орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында желдің күшеюі күтілуде.