Жаңалықтар

24 қаңтарға ауа райы болжамы

Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 24 қаңтарда болатынқауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Республика бойынша тұман күтіледі.