Саясат

Қазақстан мен Аустрия арасында тікелей рейс ашылады

Skat әуе компаниясы рейстерді 2025 жылдың көктеміне жоспарлап отыр.

Scat әуе компаниясы 2025 жылы Қазақстан мен Аустрия арасында тікелей рейстерді іске қосады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның Аустрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесуінде айтылды.

«Кездесу барысында Қазақстан мен Аустрия арасында аптасына екі рет ұшатын тікелей рейстер ашу мәселесі талқыланды. СКАТ әуе компаниясы рейстерді 2025 жылдың көктеміне жоспарлап отыр», – деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті.

Тараптар жиын барысында туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелерін де қозғады.