Жаңалықтар

Елордалық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды

23 қаңтарда елордалық оқушылар мен студенттер онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды buginmedia.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар екінші күн қатарынан қашықтан оқиды. Ертең олармен қоса студенттердің де оқуы онлайн форматқа ауыстырылды.

"2025 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", — делінген таратылған ақпаратта.