Білім

Астанада оқушылар ертең қашықтан оқиды

Ертең астаналық оқушылар қашықтан оқиды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Ведомство мәліметінше, Астана қаласының тек 0-9 сынып оқушылары онлайн форматта оқиды.

"2025 жылғы 22 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", — делінген хабарламада.