Шерзат Полаттың ісі бойынша тергеу аяқталды
16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бұл туралы зардап шеккен отбасының адвокаттары әлеуметтік желіде хабарлаған болатын. Алматы облысының Полиция департаменті айтылған деректі растады.
"Өткен жылы 4 қазанға қараған түні болған кәмелетке толмаған адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қазіргі уақытта тараптарды сотқа дейінгі тергеу материалдарымен таныстыру процесі жүріп жатыр. Тараптар танысқаннан кейін қылмыстық іс оның заңдылығын тексеру және сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін прокурорға жіберіледі", — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.