Жаңалықтар

Астанада 19 жастағы жігіт атыс клубында өзін-өзі атып тастады

Жас жігіттің өзін атып тастағаны жайлы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атыс клубында тұрақты клиенттердің бірі болған жігіт tanfoglio limited custom маркалы тапаншамен жаттығып жүрген.

Ол бірнеше рет нысанаға оқ жаудырып, кейін кенеттен қаруын басына бағыттап, өзін-өзі атып тастаған.

Полиция бұл деректі растап отыр.  

«Елорданың 19 жастағы тұрғынының мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады елордалық полиция департаменті.