Жаңалықтар

Трамп Ақ үйге оралып, Капитолийге шабуыл жасағандарға рақымшылық жасады

Дональд Трамп дүйсенбі күні кешке АҚШ-тың 47-ші президенті ретінде Ақ үйге алғаш рет келіп, онда ол бұрын жариялаған көптеген бұйрықтарға қол қойды, деп хабарлайды ВВС. 

2021 жылдың 6 қаңтарында Трамптың жақтастары Джо Байденнің президент болып бекітілуіне жол бермеуге тырысып, Вашингтонда бүлік шығарған болатын. Осы тұста Капитолийге шабуылға жасап, оған қатысқан жүздеген жақтастарына рақымшылық жасау туралы бұйрыққа қол қойды.

"Олар бүгін бостандыққа шығады деп үміттенемін, олар соны күтіп отыр. Шамамен 1500 адам", — деді Трамп.

Америкалық БАҚ тілшілері кейінірек Трамп бұл цифрды айтқан кезде қате сөйлегенін, іс жүзінде 1600-ге жуық адамға рақымшылық жасалғанын атап өтті.

Сондай-ақ Трамп көтеріліске бастамшы болған әрі шабуылды жоспарлауға көмектесті деген айыппен сотталған әсіре оңшыл Oath Keepers және Proud Boys топтарының 14 мүшесінің үкімдерін жеңілдетті.

Ең ұзақ 22 жыл жазасын өтеп жатқан Proud Boys көшбасшысы Энрике Таррионың адвокаты CBS News-ке оның клиентінің жақын арада босатылуы күтілетінін айтты.

Бұйрық сонымен қатар АҚШ бас прокурорынан әлі сотта қаралып жатқан 300-ге жуық істі тоқтатуды талап етіп отыр.