Жаңалықтар

Алматыда оқушы өз үйінің маңында асылып қалған

Әлеуметтік желіде 2009 жылғы оқушы өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады, –  деп хабарлайды buginmedia.kz.

 Krispastana Telegram-арнасының хабарлауынша, жасөспірім өз үйінің маңында асылып қалған. Ол Медеу аудандық мектебінде оқыған.

"Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.